«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Талғар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талғар ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
2. Талғар ауданы әкімінің «Талғар ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 12-05 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4941 тіркелген, 2018 жылдың 24 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялаған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің аппарат басшысы Ж.Н. Нургалимовқа жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талғар ауданының әкімі |
С. Ерекешев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Талғар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
______________ М. Дюсебаев
2020 жылғы «___» ___________
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 13.10.2020
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 5709 болып енгізілді
Результаты согласования
Акимат Алматинской области - руководитель Бекжан Канатович Азикенов, 05.10.2020 16:39:05, положительный результат проверки ЭЦП
Департамент юстиции Алматинской области - заместитель руководителя Кайрат Асанович Пилалов, 09.10.2020 17:34:42, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
Талғар ауданының әкімдігі - Талғар ауданының әкімі С. Ерекешев, 09.10.2020 18:06:45, положительный результат проверки ЭЦП